Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Ақылы оқып жүргендер грантқа ауысты

Алматыда өткен шахмат универсиадасында үшінші орыннан көрініп, тақта үстіндегі тартыста жүлдегер атанған өрендерге Қазақ ұлттық спорт университеті білім грантын салтанатты түрде табыстады. Аталмыш дода 9 тамызда басталып, алты күнге созылды. Халықаралық FIDE World University Team Chess Championship – 2026 чемпионатында бақ сынаған отандық құрама сапында түрлі додаларда топ жарған талапты жастар өнер көрсетті. Тартысты бәсекеден кейін ақылы бөлімде білім алып жүрген студенттер осы жетістігінің арқасында толық грант иегері атанды.

ЕРЖАН ШАКЕНОВ, КОМАНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Тек шахматта емес, жалпы білім беру саласында топ-100 университеттің шәкірттерімен жүлде үшін таласқанымызға қуаныштымыз. Ауыз толтырып айтатын жетістік деп толық айта аламыз. Өйткені драма-шоу іспетті ойын көрдік. Соның нәтижесінде Қазақ ұлттық спорт университетінің, еліміздің қандай мықты дәрежеде екенін көрсеттік. Шәкірттерім де дән риза. Жеңістері грант иегері деген жетістікке алып келді.

Үсен Астана

← Все новости