Түркістан облысында өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріміз деп таныстырып, 15 млн теңге бопсалағандар ұсталды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексерістерді оңтайлы пайдаланған күдіктілер медицина мекемелерінің басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Алайда ауызбастырық берсе, бәріне көз жұмып қараймыз деп ақша талап етіпті. Бірақ жоспарлары жүзеге аспай, екеуі қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
Екі адам өздерін агенттік қызметкері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.