Перейти к содержимому
СРОЧНО

Журналистер мен блогерлерге талап қойылды

Журналистер мен блогерлер өз қызметін заң шеңберінде еркін жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, фото және бейнетүсірілім жүргізуге, ақпаратты таратуға құқығы бар. Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі сайлауалды науқан кезінде БАҚ өкілдері мен белсенділердің жұмысына қатысты туындаған сауалдарға түсініктеме берді. Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында мұндай талаптардың «Масс-медиа туралы» заңда тайға таңба басқандай көрсетілгенін жазды. Дегенмен сөз бостандығы деп шектен шығуға да болмайды. Әсіресе таратылатын ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу маңызды. Министр журналистер мен блогерлерді жариялайтын мәліметке жауапкершілікпен қарауға, дереккөздерді мұқият тексеруге және онлайн-платформалар мен сайлау туралы заңнама талаптарын қатаң сақтауға үндеді. Сонымен қатар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа жеке тоқталды.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ — МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Бұл мәселе сайлау науқаны кезінде айрықша маңызды. Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет те мұндай әрекеттерге немесе сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес. Керісінше, мұндай әрекеттер мемлекет пен оның институттарының беделіне нұқсан келтіріп, оларды қоғам алдында теріс көрсетуге пайдаланылуы мүмкін.

← Все новости