Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Елімізде IT саласында білім алатындарға ваучер беріледі

IT саласында білім алғысы келетіндерге ваучер беріледі. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, TechOrda бағдарламасына өтініштерді қабылдау басталды. Аталмыш жоба аясында офлайн оқу үшін 500 000 теңгеге, ал қашықтан білім алатындарға 400 000 теңгеге дейін қаржылай сертификат қарастырылған. Бұл мүмкіндік 18-45 жас аралығындағы азаматтарға арналған. Олар республикамыздың кез келген аймағындағы аккредиттелген цифрлық мектептерде оқып, сұраныстағы мамандықты меңгере алады. Бұл бастама 2021 жылы іске қосылған. Осы аралықта он екі мыңнан аса отандасымыз біліктілігін арттырыпты. Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, жоба түлектерінің 90 пайызы жұмыспен қамтылған. Құжаттар 7 қыркүйекке дейін қабылданады. Толық ақпаратты Astana Hub платформасынан біле аласыздар.

← Все новости