«Өрмекші адам: Жаңа күн» туындысы кино әлемін дүр сілкіндірді. Фильм прокатқа шыққан үш аптаның ішінде 2 миллиард доллардан астам касса жинап, рекорд жаңартты. Теңгеге шаққанда, бұл шамамен 926 миллиард теңгеден асады. Көрерменнің көзайымына айналған Питер Паркердің хикаясы мұндай межені жылдам бағындырған тарихтағы екінші жоба. Бұған дейін Marvel-дің «Кек алушылар: Финал» экранизациясы жоғары нәтиже көрсеткен еді. «Вариети» порталының ақпаратына сүйенсек, жаңа франшизаның көпшілікке жол тартқанына көп болмаса да, Солтүстік Америкада 70 миллион доллар жинап, өзге фильмдерді шаң қаптырған көрінеді. Айта кетейін, кинокартина «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» бөлімінің жалғасы. Бұл жолы Паркер жалғыздықта өмір сүріп, жаңа қатермен бетпе-бет келеді.
Бердібек Қарынбай