Алдағы Құрылтай сайлауына дауыс беруге құқығы бар әрбір төрт жанның үшеуі барады. Қазақстан демократиялық институтының екі апта бойы жүргізген сауалнамасының қорытындысы осындай. Барлық облыстарда өткізілген бұл шараға жасы 18-ден асқан 8 мыңға жуық респондент тартылыпты. Олардың 73,1 пайызы «дауыс беруге барамыз» деген. Институт мамандарының айтуынша, қазақстандықтардың болашақ Құрылтай сайлауына деген қызығушылығы жоғары. Бұл отандастарымыздың еліміздің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласуға дайын екенін білдірсе керек.
Гүлмира Сәулебекова