Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Елімізде егін жинау науқаны басталды

Елімізде егін жинау науқаны басталды. Өткен жылмен салыстырғанда жиын-терім екі есе жылдам жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 3 миллионға жуық гектардан дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік 14 центнерден асады. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл оң нәтижені агротехникалық дайындық пен уақытылы көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жемісі деп бағалап отыр. Соңғы үш жылда агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру 7 есеге артып, 1 триллион теңгеге жетті. Жеңілдетілген лизинг арқылы фермерлер 7 мыңнан астам жаңа техника сатып алды. Сондай-ақ диқандар арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілуде. Ал жиналған өнімді қабылдауға елдегі астық қоймалары толықтай дайын көрінеді.

БЕКЗАТ АНАРБАЙҰЛЫ, КӘСІПКЕР:

Ауданымызда көрсеткіш жаман емес. 14-15 гектарына алып отырмыз. Жанармайымыз жеткілікті. Техникаларымыз оңды. Кісілеріміздің барлығы жұмысын жасап жатыр. Жалпы жұмысымыз жаман емес. Ауданның көрсеткіші жақсы. Кең даламызға рақмет. Мемлекет басшымызға рақмет.

← Все новости