Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Бір QR – барлық банкке!

Қазақстанда бірыңғай QR арқылы төлем жасау жүйесінің мүмкіндігі кеңеймек. Ұлттық банк әзірлеген жоба банктер арасындағы мобильді төлемдерге жаңа сервистер қосуды және жеке тұлғалар арасындағы ақша аударымының шекті сомасын ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ алимент түсетін шоттарды қорғау күшейтіледі. Қазір мұндай қаражатты банк берешек үшін ұстай алмайды. Жаңа талап қабылданса, алимент қаражатына сот орындаушылары да өндіріп алу шарасын қолдана алмайды. Құжат 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

← Все новости