Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

TikTok-та былатып сөз айтқандар көше сыпырады

Басқа пәле — тілден! Желіде балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылып, көше сыпырып жүр. Қызылорда облысында 36 жастағы азамат ащы суға сылқия тойып алып, TikTok-та аузына келгенін айтып, көпшілікке тіл тигізген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімімен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалыпты. Осылайша қазір ол қолына сыпыртқы алып, белгіленген аумақты тазалап жүр. Естеріңізге сала кетейік, жауапты ведомство бұған дейін 20-ға жуық стримерді жазаға тартқан еді. Осы тұста полицейлер заңнан ешкім жалтара алмайтынын ескертті. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

← Все новости