Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Сайлау учаскелерінің мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлылығы тексерілді

Астанада барлық 403 сайлау учаскесінің мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлылығы тексерілді. Арнайы мониторинг тобы бұл ретте бірқатар кемшіліктерді тауып, оны жоюды тапсырды. Оның ішінде арбаға таңылған жандарға арналған пандустың талапқа сай болмауы, аудиобюллетеньдер мен Браиль шрифтімен жазылған трафареттердің жоқтығы, жарықтың аздығы секілді кемшіліктер анықталыпты.

РУСЛАН КЕҢЕСБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Барлық учаскелерде алдында болған қателіктер жойылды. Жасалмаған жерде жергілікті органдар келіп жасап жатыр. Көбінесе контрасты сызықтар, табалдырықтар болмаған, соның бәрі жөнделіп жатыр.

← Все новости