Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Теміртауда экопатрульдер жүр

Теміртаулық жастар табиғатты қорғаудың ерекше форматын қолға алған. Жасыл форма киген ұл-қыздар қаланы аралап, қоршаған ортаны бүлдіргендерді іздейді. Тек туған жердің тазалығы емес, экологиялық мәселесіне де атсалысады. Олар өздері жинаған қоқысты сұрыптайды.

МИРАС ЯУДА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ БАС ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Тазалық жұмыстары ойын форматында өтеді. Жаз мезгілінде бізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгерлері үш маусым бойы жұмыс істейді. Ұпай да есептеледі. Ең көп балл жинап ұтқан команда киноға барады!

Жазғы каникулды тиімді өткізген оқушылар осы белсенділігімен азын-аулақ қаржы тауып жүр. Жас ерекшелігіне қарай төлемақы әртүрлі: жасөспірімдерге 71 мың теңге берілсе, үлкендерге 105 мың теңге қарастырылған. Биылдың өзінде өңірде мыңнан аса адам көше тазалығына жұмылған.

← Все новости