Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

10-сынып оқушысының мақаласы әлемдік журналға басылды

Астаналық оқушының мақаласы атынан ат үркитін шетелдік басылымнан бір-ақ шықты. Небәрі 10-сыныпта оқитын қыздың ешкі сүті туралы зерттеуі Oxford Journal of Student Scholarship журналында жарияланды. Жұрттың таңдайын қақтырған білімді жас Астанадағы №17 мектеп-гимназияның шәкірті Аэлита Әділхан екен. Бұл оның ғылымдағы алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де халықаралық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған дарындылардың арасынан оқ бойы оза шапқан.

Қуат Құдайберген

← Все новости