Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауын бақылауда

Құрылтай сайлауы халықаралық байқаушылардың назарында. Тәжікстан Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода бастаған шетелдік өкілдер Астанадағы дауыс беру учаскелерін аралап жүр. Олар учаскелердің дайындығын, дауыс беру тәртібінің сақталуын және сайлаушыларға жасалған жағдайды бағалады. Халықаралық мамандар саяси науқанның ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатқанын атап, оң баға берді.

БАХТИЁР ХУДОЁРЗОДА, ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз сайлаудың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілген. Сайлаушыларға қажетті ақпарат беріліп, дауыс беру процесіне қатысты барлық мәселе алдын ала пысықталған. Біздің бақылауымыз көрсеткендей, учаскелік комиссиялар азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдайды қамтамасыз еткен. Әр сайлаушы өзі қолдайтын партияға дауыс бере алады.

← Все новости