Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Байқаушылардың таңданысы

Бұл күні еліміздегі сайлау учаскелеріндегі жағдай түрлі халықаралық ұйымдардан келген байқаушылардың қырағы назарында болды. Оларға қолдау көрсету үшін Астанада арнайы орталық жұмыс істеді. Ол жерге сағат сайын келіп есеп берген бақылаушылар легі сайлаудан алған әсерімен бөлісіп, тілшілердің сауалына жауап берді. Шетелдік қонақтардың арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Түркі мемлекеттері мен ТМД елдерінің парламенттік ұйымдары, түрлі елдің дипломатиялық корпус өкілдері болды. Олардың барлығы сайлау учаскелерінде бірде-бір заңбұзушылықты байқамағанын айтып, саяси науқанның жоғары деңгейде өтіп жатқандығын жеткізді.

МҰСТАФА КАПУДЖУ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Менің жанымда Түркиядан келген 19 бақылаушы болды. Біз таңертеңнен бері бірқатар сайлау учаскелерін аралап, ешқандай заңбұзушылықтар байқамадық. Халық келіп, өз таңдауларын білдірді. Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер Түркі халқы үшін өте маңызды. Біз сіздің елге алаңдап отырамыз, өйткені түбі бір халықпыз.

Сонымен қатар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес мүшелері де сайлау учаскелеріндегі ахуалды өз көздерімен көріп, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайға таңғалыпты.

ЛИНГ ДЖАНГ, АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жақсы жағдай жасалған екен. Брайль шрифті, қосымша жарық беру, түрлі қондырғылар бар. Тіпті мүгедек арбасымен келгендер де еш қиындықсыз өз таңдауларын жасап жатты. Бұл Қазақстанда демократиялық қоғам орнағандығының жарқын көрінісі дер едім.

Сондай-ақ шетелдік бақылаушылар 18-ге толып, алғаш рет дауыс бергендерге таратылған сыйлықтарға да тамсаныпты. Мемлекеттің жастарды да саяси өмірге атсалысуға ынталандыруы бізді таң-тамаша етті, — депті қонақтар.

← Все новости