Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

ТМД байқаушыларының пікірі

ТМД елдерінің байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың деңгейін жоғары бағалады. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте шетелден келген депутаттар сайлау барысын жан-жақты бақылағандарын айтты. Олар мегаполистегі 15 учаскені аралап, дауыс беру процесінің ашық, тыныш әрі әлемдік стандартқа сай ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Техникалық жабдықталуын және ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жағдайларды атап өтті. Байқаушылар саяси науқандағы халықтың белсенділігіне де оң бағасын берді.

ҰЛЫҒБЕК ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ:

Қазақ-қырғыз халқы үшін бұл саяси оқиға жоғары деңгейде бағаланады. Ең әуелі осы тарихи сәтпен құттықтаймын. Әлемдік нормаларға сәйкес сайлау процесі жақсы ұйымдастырылған. Адам құқықтары бұзылатындай не болмаса қандай да бір тосқауылды көрген жоқпыз. Біз алты сайлау учаскесінде болдық. Барлық шарттар орындалып, сайлаушыларға жағдай жасалған.

← Все новости