Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Сайлау учаскесінің өкілдері вахтаға барды

Үйінен жырақта жүріп жұмыс істейтін азаматтарымыз да бұл маңызды күннен тыс қалмады. Мәселен, Атырауда вахталық әдіспен еңбек етіп жатқан қызметкерлер өз жұмыс орындарында дауыс берді. Еске сала кетейік, жаңартылған сайлау заңнамасына сәйкес өндіріс орындарында арнайы учаскелер ашуға мүмкіндік беретін жаңа норма енгізілген еді. Ал бүгін теңізде немесе сайлау учаскесінен шалғайда жүрген жандарға комиссия мүшелері тікұшақпен арнайы барып, бюллетеньдерін қабылдады.

САБЫР ДАУЛЫБАЕВ, САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ертеректе автобуспен алып баратын еді. Қазіргі таңда учаске ашылған соң, қызметкерлер үшін өте жақсы. Сайлаушылар тізімінің көбеюіне және заңды құқықтарының қорғалуына өте жақсы деп ойлаймын. Теңіздегі орындарға өздері барады. Вертолетпен алып барады.

← Все новости