Қазмедиа орталығында да бүгін ерекше атмосфера.
Таңғы сағат 9:00-ден бері жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. 16 сағат бойы көрерменге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірі, арнайы репортаждар ұсынылады. Дәл қазір әріптесім Ақбөпе Тәңірберген марафоннан тікелей байланысқа шығуға дайын тұр. Әріптес, марафон қалай өтіп жатыр?
АҚБӨПЕ ТӘҢІРБЕРГЕН, ТІЛШІ:
Кеш жарық, құрметті көрермен. Дәл қазір онлайн-марафонның үздіксіз тікелей эфирден шығып жатқанына 10 сағаттан асты. Түнгі 12 жарымға дейін жалғасады. Залдағы көңіл күй осындай. Бірпалаталы парламент — Құрылтайға қай партиялар өтетіні, кімдердің депутат болатыны анықталатын елеулі күн. Бұл залда елдің келешегіне бейжай қарамайтын қайраткерлер, белсенділер, әр саланың мамандары жиналған. Олар түрлі тақырыпты қозғап, тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беруде. Әсіресе Астана жастарының белсенділігі байқалады. Олар таңертең өз таңдауларын жасап, қазір осы онлайн-марафонға атсалысып жүр. Өзге мемлекеттерде тұратын қазақстандықтар да дауыс беріп, оның барысы АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия елдерінен тікелей эфир арқылы көрсетілді. Дәл қазір мен эколог Елдос Абақановпен бір-екі ауыз сұхбаттассам деп тұрмын. Жаңа ғана залда соңғы рет 69 жылы жойылып кеткен керқұлан төлдеді деп сүйінші сұрадыңыз. Дәл қазір мемлекет осы мәселеге ден қойып жатыр ғой?
ЕЛДОС АБАҚАНОВ, ЭКОЛОГ:
Иә, дұрыс айтасыз, Қызыл кітапқа енген жануардың соңғы жылдары бірінші рет төлдеуі — бұл үлкен жетістік. Экология дамып жатыр. Бәрі тамаша. Мемлекет көңіл бөлуде. Экология кодексі қалай жүзеге асып жатыр? Соңғы рет 2021 жылы қабылданған. Одан бері жаңа Конституция қабылданғанда көп өзгеріс енді. Оны атап өту керек. Саяси науқанда үйде бейжай жата алмаған екенсіз. Иә, белсенді азамат ретінде үйде қол қусырып отырмаймын. Күндіз дауыс беріп келдім, одан кейін, міне, онлайн-марафонға келіп, сұхбат беріп жатырмын.
Рахмет сұхбатыңызға. Асаубек, тікелей эфирдегі марафон өз деңгейінде өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы да соңғы ақпараттармен бөлісіп жатыр. Асаубек?!