«Ел Дауысы» қоры Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың қорытындысын жариялады. Қордың 582 өкілі еліміз бойынша 457 учаскеде бақылау жүргізген. Олар дауыс беру тәртібінің сақталуын, учаскелердегі жағдайды, сондай-ақ дауыстарды санау мен қорытынды хаттамаларды рәсімдеу процесін қадағалады. Штабқа заң бұзылғаны жөнінде оннан астам хабарлама түскен. Оның үшеуі тексеру барысында расталған.
ҒАМАЛ БЕКБОЛАТҰЛЫ, «ЕЛ ДАУЫСЫ» ҚОРЫ ОРТАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Біздің шешіміміз бойынша 3 бұзушылықты растадық. Екі сайлау учаскесінде дауыс беретін кабиналар орналасқан жердегі камераларға байланысты. Ал бір бұзушылық Ақтөбе қаласында, №25 сайлау учаскесінде мүгедек арбасын пайдаланатын адамға қолжетімділігі жайлы. Сондай 3 бұзушылықты тіркедік. Жалпы айтқан кезде біздің сайлау ашық түрде және заңнамаға сәйкес өтті деп айтамыз.