Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Шетелдік бақылаушы: Қазақстаннан үлгі алу керек

Сайлау учаскелерінде заң нормалары мен тәртіп қатаң қадағаланды. Таңнан кешке дейін сайлау процесін бақылаған халықаралық сарапшылар осылай дейді. Әсіресе учаскелік комиссияның ұйымшылдығына тәнті болыпты. Халықтың тұрғылықты мекенжайына байланысты арнайы тақтайшалар ілініп, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалғанын, құрмет те, ілтипат та жоғары болғанын айтты. Тіпті ресейлік депутат саяси науқан өткізуде Қазақстаннан үлгі алу керек дейді.

ВЛАДИМИР ПЛЯКИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫ:

Кеше қызық жағдай болды. 7-ге 15 минут қалғанда сайлау учаскесіне алғашқы тұрғын келді. Егде жастағы қария құжатын ұмытып кетіпті. Ал куәліксіз дауыс бере алмайды. Бірақ ол бірінші келгені рас! Оған учаскелік комиссия бәрін түсіндіріп, ең бірінші келгені үшін сонда да тәттілерін беріп жатты. Қарияның қуанғаны сонша, үйіне барып, құжатымен дауыс беруге қайта келді. Бұл өте ұсақ дүние, сонда да осы жерде биліктің сайлаушыларға деген құрметін көрсетеді.

← Все новости