Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне өтуде

Елімізде жасанды интеллект әуежайдан бастап, көлік инфрақұрылымын түгел қамтиды. Себебі бұл саланы дамыту бойынша Presight AI халықаралық компаниясымен келісім бар. Олардың қатысуымен Астанада Smart City жобасы іске асты. Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік инфрақұрылымы құрылды. Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік ұйымның бас директоры Томас Прамотедхаммен кездесу барысында осындай ауқымды жобаларды талқыға салды. Екі тараптың ынтымақтастығы аясында елдегі транспорт саласында көптеген жобалар сәтті іске асып жатыр.

ДАНИЯР ЗӘКІРЖАН, «ҚАЗЖОЛ ҒЗИ» АҚ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Біздің институт жобалауды, жаңа технологияларды енгізумен және нормативтік құжаттарды әзірлеумен айналысады. Біздің институт 2025 жылы шетелдік нарықты зерттей отырып, жылжымалы жол жөндеу зертханасын іске қосты. Қазіргі таңда Маңғыстау, БҚО жолдарын зерттеумен айналысамыз. Ол зерттеу бізге беретін басты мақсат — жол қауіпсіздігін арттыру.

Қазір Қазақстанда жол құрылысы басталған күннен бастап, пайдалануға берілген уақытына дейін цифрлық жүйеде онлайн көрініп тұрады. Бұл жемқорлықтың жойылуына сеп. Одан бөлек, әуе қатынастары мен әуежайда көрсетілетін қызметтер де толық цифрлық жүйенің көмегімен басқарылып отыр.

ДУМАН СЕМБАЕВ, KAZDREAM SPECIAL SYSTEMS ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Алдарыңызда Q-Gate жобасы. Жоба 2022 жылы іске асты. 2023 жылы Астана және Алматы әуежайларында іске қосылды. Бүгінде мұндай 54 терминал 11 шекаралық өткізу бекетінде орнатылған. 2028 жылы тағы 200-і орнатылады. Бұл мемлекеттік шекарадан тез әрі маман көмегінсіз өтуді іске асырады.

РАХМАН АСАМБАЕВ, «ECHELON ALPHA» ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Көлік министрлігімен бірлесіп атқарып жатқан жоба. Бұл бағыттардың жүйесін жасап, әр рейстің уақытын, бәсекеге қабілеттілігін, мүмкіндіктерін, пайдасын анықтап береді. Әр қала цифрландырылған. Халық санын, экономиканы, олардың сұранымын, талабын толық қамтиды. Әуе компанияларының жұмысын бағалайды. Соңғы 5 жылда 200 миллион рейстің бағытын бағалап үлгерді.

Үкімет басшысы жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық мәселесін қаузады. Екі тарап Smart City жобаларын жүзеге асыру, көліктік цифрлық жүйелер мен деректерді сақтау және өңдеу инфрақұрылымын дамыту бойынша келісімге келді. Одан бөлек Олжас Бектенов Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне өтіп жатқанын атап өтті.

← Все новости