Перейти к содержимому
· 149 просмотров

Жалпы ішкі өнім өсімі артты

Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында 34,1 триллион теңгеге жетті.

Әсіресе көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары біршама дамыған. Ал өңірлер бойынша жоғары өсім қарқыны Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Жан басына шаққандағы көрсеткіш орта есеппен 7 827,2 мың теңгені құрады. Атырау облысы мен Алматы қаласының да көрсеткіші көңіл қуантады. Одан кейінгі орындарда Ұлытау облысы мен Астана қаласы жайғасты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының мамандары.

Гүлмира Тасболатқызы

← Все новости