Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Әр балаға 55 мың доллар беріледі

Дүниеге келген әр балаға 17 жасқа дейін 55 мың доллар беріледі. Бұдан бөлек, балабақша, ата-ана демалысы және тұрғын үй бойынша көмек күшейтіледі. Сингапур үкіметі осылайша елдегі туу көрсеткішін арттырмақ. Оның ішінде жаңа туған сәбиге бір реттік 10 мың сингапур доллары, яғни 3 миллион теңгеден астам төленеді. Қалған қаражат бала күтімі, білім беру және отбасыға берілетін басқа да әлеуметтік қолдау түрлері арқылы ұсынылады. Себебі қазір елдегі бала туу деңгейі тым төмендеп кеткен.

← Все новости