Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Үш жылдық бюджет мақұлданды

Үкіметте 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды. Құжат елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген. 2027 жылы әлеуметтік салаға 10,5 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бюджет қаражатын барынша тиімді әрі уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету, ағымдағы шығыстардың ұлғаюына жол бермеу, сондай-ақ шығыстарға қатаң бақылау орнату өте маңызды.

Қаражаттың үштен бірінен астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де төлемдерге, сондай-ақ оны алатын азаматтар санының өсуіне байланысты қосымша 739 миллиард теңге көзделді. Ал экономиканың нақты секторын қолдауға шамамен 3,9 триллион теңге бөлінбек. Енді Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері заң жобасын Құрылтайдың қарауына енгізеді. Құжат депутаттар талқылауынан кейін қабылданады.

← Все новости