Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Сайлауда жастар белсенділігі ерекше болды

Құрылтай сайлауынан кейін еліміздің саяси дамуы қай бағытта өрбиді? Бұл мәселе «SARAP» эксперттік клубы мүшелерінің қызу талқысына түсті. Дөңгелек үстел басында клуб мүшелері — заңгерлер, саясат және әлеуметтанушылар өз пікірлерін білдірді. Барлығы да Құрылтай сайлауындағы электорат белсенділігі туралы баса айтты. Сонымен қатар 7 партияға да қарсылық білдіргендердің күрт азайғандығы қазақстандықтардың саяси өмірге етене араласып келе жатқандығының белгісі, — деді олар. Тағы бір қуанарлық жайт, осы жолғы дауыс беру барысында жастардың белсенділігі де өте жоғары деңгейде болыпты.

АҚНҰР ТҰРДАЛИЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Байқаған боларсыздар, көптеген партиялардың бағдарламалары жастарды тарту, жастарға көңіл бөлу, оларға арнайы бағдарламаларға негізделді. Жалпы бұл сайлаудан кейін Құрылтайда жаңа адамдарды, жаңа мамандарды, эксперттерді көреміз. Жалпы саясатқа жастардың қызығушылығының артуы біздің еліміздің дамуының бір жаңа қадамы деп айтуға болады.

← Все новости