Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды. Бұл ел тарихының жаңа кезеңі парақталатын сәт. Президент Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Құрылтай отырысы 28 тамызда сағат 11:00-де шымылдығын түреді. Демек, осы жұма күннен бастап, жаңа депутаттық корпус ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға кіріседі. Ал оған дейін халық сенім білдірген 5 партия кандидаттар арасында мандаттарын бөліп, Орталық сайлау комиссиясына ұсынып үлгеруі тиіс.