Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Қара алтын бағасы құлдырады

АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларының салқыны бірден сезіле бастады. Жаһандық саудада мұнай бағасы тағы да құлдырады. Brent маркалы қара алтынның бір баррелі 85 долларға дейін түсіп кетті. Ал Лондон биржасында бағалы өнім бірден 5%-ға төмендеді. Сарапшылардың есеп-қисабы бойынша, мұнайдың бағасы бұдан былай түскен үстіне түсе беруі мүмкін.

Өйткені Ақ үй Ислам Республикасына топырлатып шектеу қойып жатыр. Бұл жолы Америка Иранның жоғары лауазымды 60 тұлғасының бас-басына жеке-жеке санкция салды. Сондай-ақ Трамп Иранның басты қарулы күші Ислам сақшылары корпусына қаржы аударатындардың да жолын кесуді көздейді. Бұдан бөлек, саясаттанушылар АҚШ-тың әскери қимылдарды тоқтатып, экономикалық қысымға көшкені де әсер еткенін айтып отыр.

← Все новости