Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

165 адам опат болды

Гималай тауларында төтенше оқиға. Биік аймақтағы зілзаланың соңы жойқын селге ұласып, жолындағының барлығын жайпап өтті. Табиғи апаттан Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық облысы қатты зардап шекті. Бір ғана Непалдың өзінде тасқын 165 адамның өмірін жалмады. Сондай-ақ жалпы 1400-ге жуық адам із-түссіз кеткендердің қатарында. Ал жоғалған азаматтардың басым бөлігі туристер. Себебі қазір Эверест шыңына шығатын маусым болғандықтан, республикада шетелдіктер көп екен. Ауқымды сел қос мемлекеттің дәл шекарасында басталған. Таудан құлаған миллиондаған текше метр мұз Лхенде-Кхола өзенін арнасынан асырып, елді мекендерге қарай қызыл су жайылған. Құрбандардың саны сәт сайын өсіп жатыр. Ал ел астанасы Катмандуда аурухана жетіспеушілігі қатты сезіледі. Непалдықтардың жанайқайына бірден үн қатқан халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмек жіберуге кірісті.

← Все новости