Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Алатауға 6,9 млрд доллар инвестиция тартылады

Алатау қаласына 6,9 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Қазір 67 жоба дайын. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қаласы кеңесінің отырысында жаңа шаһарды дамыту жайы талқыланды. Алатаудың инженерлік және жол инфрақұрылымы да басты назарда. Көкпа-1 қосалқы стансасын жаңғырту басталып, су құбыры мен кәріз жүйелері бойынша бірқатар жұмыстың аяқталуы жақын. Бұдан бөлек, 61 шақырымнан астам жол жөнделіп, тағы 15 шақырым жаңа жол салынады. Үкімет басшысы негізгі жобаларды жедел іске асырып, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауды тапсырды.

← Все новости