Қауіпсіздік кеңесінің құрамы өзгереді. Президент Құрылтайдың ашылуында Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын хабарлады. Ол мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты түйткілді мәселелерді шешуге атсалысады. Бұл лауазымға кандидатура Үкімет құрамы жасақталған соң ұсынылады екен.