Парламент депутаттарына қоғамның сыны көп еді. Ал Президенттен пәрмен алған Құрылтайдағы халық қалаулыларына жауапкершілік жүгі басым. Өйткені олар заң шығарудан бөлек, қоғамға үлгі болатын азаматтардың сапынан болуы тиіс. Бүгін ресми түрде ант қабылдап, алғашқы жұмысына кіріскен депутаттардың пікірін біз де сұрап көрдік.
ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Былтыр «Аманаттан» болдыңыз. Биыл «Әділеттен».
— Қызмет жасаймыз. Заң шығарамыз. Басқа не істейміз?
ДИҚАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
Әлеуметтік мәдени бөлімге, сол комитетке жазылдық. Бұйырса, бастаймыз жұмысымызды. Агитация қалай өтті жалпы? Жақсы өтті. Барлық жерге бардық. 4 облысқа, өңірге бардық. Бәрі сәтті деп ойлаймын. Жақсы.