Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 18 просмотров

Депутаттар ант берді

Құрылтайдың ресми ашылуынан соң су жаңа депутаттар ант қабылдап, жұмысына кірісті. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алдында 145 адам адал қызмет атқаратындарын мәлімдеді.

КОНСТАНТИН АВЕРШИН, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін.

Депутаттар бес жыл мерзімге сайланды. Олардың қатарында 5 партияның өкілі бар. Жаңа құрамда әр саланың майталман мамандары мен тәжірибелі сарапшылары топтасқан. Сондай-ақ халық қалаулыларының шамамен 33 пайызы әйелдер екен.

← Все новости