Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 22 просмотра

Айбек Дәдебай — Құрылтай төрағасы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды. Оның кандидатурасын Президент ұсынған еді. Осылайша бүгін су жаңа депутаттар Конституцияға сәйкес, заң шығарушы органның төрағасын сайлау үшін жасырын дауыс берді. Нәтижесінде 143 халық қалаулысы Дәдебайға сенім білдірген.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сонымен, қатысып отырғандар 144. Жақтағандар 143. Сонымен шешім қабылданды. Құрметті әріптестер, депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлын ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаймын.

Сондай-ақ бүгін Құрылтай спикерінің үш орынбасары таңдалды. Енді бұл лауазымды бұрынғы сенатор Нұрлан Бекназаров, «Ақ жол» партиясынан сайланған Дәния Еспаева және осыған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған әрі мәжіліс депутаты болған Динара Зәкиева атқарады. Сондай-ақ Құрылтай жанынан 8 комитет құрылды. Олар өз саласына қатысты қабылданатын заң жобалары бойынша жұмыс істейді.

← Все новости