Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Тартымды қызметтің тәлкегі

Жұмысқа тұрам деп қылмысқа барып жүрмеңіз. Ішкі істер министрлігі халықаралық есірткі желісіне адам тартқан қылмыстық топтың жолын кесті. Әккілер көпшілікті көк қағаздың буына елтіп, call-орталық операторы, курьер, химик, логист сияқты қызметтерге салыпты. Ал ақшаны күректеп тауып, кетуге ыңғай танытқандарға қатаң жаза берген. Осылайша, тартымды қызметке барғандар тағдырдың тәлкегіне түсіпті. Қылмыстық құрылымды анықтау үшін Қазақстан, Украина, Албания мен АҚШ-тың күштік құрылымдары бір жыл бойы тер төккен. Украина мен Қазақстанда жүзден астам тінту жүргізіліп, 31 Telegram-есірткі дүкені анықталған. Күдіктілерден 24 кг синтетикалық есірткі қоспасы мен 3 мыңнан астам қолдан жасалған шылым және өлшеп салынған екі мыңға жуық пакет тәркіленіпті.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық құрылымда рөлдер нақты бөлінген. Оны көршілес мемлекеттің 36 жастағы азаматы ұйымдастырған. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі операцияның барлық негізгі кезеңдеріне қатысты. Қылмыстық құрылым ішінде қатаң ережелер болған. Қылмыстық әрекеттен бас тартуға тырысқан адамдарға айыппұл салынған, оларды ұрып-соғып, заңсыз ұстап отырған. Халықаралық желіні ұйымдастырушылар мен оның барлық қатысушыларын анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

← Все новости