Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 20 просмотров

Қазақстаннан 54 жаңа кен орны анықталды

Еліміздің геологиялық картасында жаңа кен орындары пайда болды. Соңғы екі жылда бұрын белгісіз болып келген 54 кеніш анықталыпты. Мұнда алтын да, күміс те, тіпті болашақтың басты металы саналатын литий де бар. Ең қызығы, ғасырлар бойы жер астында жасырынған қазынаны геологтар жасанды интеллект пен Big Data жүйесі арқылы табуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Кейінгі уақытта Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жер қойнауын барлау, зерттеу жүйесі жаңарып жатыр. Басым бағыттар – зерттеулердің жан-жақтылығын арттырып, жинақталған деректерді цифрландыру, дейді министрлік өкілдері.

ҚАНАТ ЕРУБАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ГЕОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет жүргізіп отырған саясат өз нәтижесін беруде. 2024-2025 жылдары минералды шикізат базасын 157 тоннадан астам алтын, 122 тонна мыс, 1,9 млрд тоннаға жуық темір рудасы, сонымен қатар басқа да пайдалы қазбалардың айтарлықтай өсімі алынды.

Министрліктің дерегінше, 2024 жылы 35 кен орны анықталып, мемлекеттік есепке қойылса, былтыр тағы 19-ы табылыпты. Бұл жұмыстар ресурстық базаны кеңейтуді көздейді. Айта кетейін, қазір елімізде пайдалы қазбалардың 10 мыңға жуық ошағы бар.

← Все новости