Мамандығын пайдаланып, мұртын майлағысы келген күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін. Алматыдағы дәріханалардың бірінде фармацевт болып жұмыс істейтін әйел Ақтөбе облысына есірткі тектес дәрілерді жөнелтпекші болған. Ол үшін келіншек тұтастай бір қылмыстық схема құрған екен. Іске қатысы бар күдіктілердің әрқайсысының өз міндеттері болған. Арнайы операция барысында барлығы қолға түсті.
ҮМІТБЕК ФАРХАДОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Оның ішінде ұйымдастырушы, операторы, заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер де бар. Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат алынды. ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.