Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 24 просмотра

Көкөніс бағытында субсидия көбейді

Аграрлық саланың тағы бір бағыты бойынша субсидия көлемі артты.

Мал өсіріп, егін орғандарды ғана емес, көкөніс қоймаларын салғандарды да мемлекет қолдап отыр. Дәлірек айтқанда, бақша өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытқандар 50 пайызға дейін субсидия алады. Бұл ретте, әсіресе, көкөніс өсіруге бейім өңірлерге баса назар аударылады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде елімізде осындай 95 нысан пайдалануға беріліпті. Жалпы сыйымдылығы 745 мың тоннадан асады.

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ:

Инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері 25 пайыздан 40-50 пайызға дейін ұлғайтылды. Нысанның жабдықталуына қарай салқындату жабдығы бар жобаларды субсидиялау мөлшері 50 пайызға дейін, ал желдету жабдығы бар жобалар үшін 40 пайызға дейін белгіленген. Жобаларды қаржыландыру сенім білдірілген агент арқылы жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Жалпы, елімізде сыйымдылығы 2,56 миллион тоннаны құрайтын 941 көкөніс қоймасы жұмыс істейді.

Бердібек Қарынбай

← Все новости