Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Мас адам жарылыс жасамақ болды

Шахтинскіде ойламаған жерден ойран басталып, халық дүрлігіп қалды. Жарылыс бола ма деген қауіппен полицейлер тұрғын үйдегі 35 адамды шұғыл эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. Сөйтсек, пәтерлердің бірінде 33 жастағы ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, айналасындағыларды «қазір газ баллонын жарып жіберемін» деп қорқытқан. Жағдайдың соңы не болары белгісіз болғандықтан, тәртіп сақшылары дереу әрекетке көшті. Күдіктіні қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамапты. Қазіргі таңда әкімшілік іс қозғалды.

← Все новости