Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

АЭС-ті жобалау және салу жөнінде келісім жасалды

Қазақстан мен Ресейдің «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясы еліміздегі алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Бұл жобаның жаңа практикалық кезеңге өткенін көрсетеді. Ал құрылыстың өзі 2027 жылы басталып, 10 жылға созылады деп жоспарланған. Айта кетейін, жаңа энергетика көзі Балқаш маңындағы Үлкен ауылында бой көтереді.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, ҚР АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Энергия тапшылығы байқалатын оңтүстік өңірде көміртек деңгейі төмен энергия көзін құру – Орталық Азия аумағында энергетика теңдігі мен су режимдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін үлкен мүмкіндік. Әрі атом станциясын отынмен қамтамасыз ету үшін отандық шикізатты, яғни өзіміздің уран өнімдерін пайдаланатындай мүмкіндігіміз бар.

Айта кетейін, жобаны жүзеге асыру үшін білікті мамандарды оқыту жұмыстары басталып кетті. Ал нысанды салуға қажет құрал-жабдықтарды отандық компаниялар өндіріп, тәжірибе жинақтайды. Осылайша олар келесі АЭС құрылысына да атсалыса алады. Өйткені бұған дейін елімізге бір емес, осындай үш энергия көзі қажет екені айтылған еді.

← Все новости