Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Жасөспірімді буындырып өлтірген

Он алты жастағы қызды буындырып өлтірген қаскөйге үкім шықты. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сұмдық қылмыс биыл маусымда Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған еді. 10-сыныпты бітірген жасөспірімнің мәйіті су арнасынан табылды. Тәулік бойы іздестірілген оқушыны жергілікті тұрғындар ағынды судан жалаңаш күйінде кезіктірген. Сол сәтте жедел тергеу басталып, күдікті ретінде 22 жастағы жігіт қолға түсті. Ал сотта олардың әлеуметтік желіде танысқаны анықталды. Кездесуге келген жігіт ақыр соңында бойжеткенді қылқындырып, өмірін қиған.

ДУМАН АЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық процестік кодекстің 387, 390, 393, 395, 398, 401, 402-баптарын басшылыққа алып, сот үкім етті. Қалиев Арсен Манасұлы Қылмыстық кодекстің 99-бабының ІІ бөлігі 14-тармағымен кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленсін.

← Все новости