Ақтөбе облысында жол апатынан тағы да адамдар қаза тапты. Бұл жолғы қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына жақын маңда болды. Трассада екі жапондық көлік бетпе-бет соқтығысып, алты кісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Әрі жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақыруда.