Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 25 просмотров

Адам ұрлап, бопсалағандар ұсталды

Адам ұрлау, бопсалау және қару-жарақ контрабандасы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері осындай қылмыс жасаған 24 топты ұстады. Арнайы операция барысында 169 адам қамауға алынған, олардың ішінде топ жетекшілері де бар. Күдіктілер шекара маңы мен өнеркәсіп салаларында қылмыстық схемалар ұйымдастырып, заңсыз кіріс көздерін иеленген. Мысалы, ұсталғандардың бірі шекара астынан арнайы тоннель қазып, бензин тасымалдаумен айналысыпты. Полиция мен прокуратура бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

← Все новости