Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

Президент су жаңа министрлерді қабылдады

Мемлекет басшысы Үкімет құрамына енген су жаңа министрлерді жеке-жеке қабылдап, әр ведомствоның алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді. Мәселен, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге ұлттық мүддені ілгерілету, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтып, экономикалық дипломатияны дамыту міндеті жүктелді. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау, креативті индустрияны және отандық ақпарат кеңістігін дамыту тапсырылды. Ал Әлібек Қуантыров басқаратын Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман қорын қалпына келтіру, ұлттық парктердің инфрақұрылымын жетілдіру және қалдықтарды қайта өңдеу ісін жүйелеуге назар аударуы тиіс.

← Все новости