Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

«Балаңыз дуаланған» десе сенбеңіз!

Адамнан қулық артылған ба? Алаяқтар енді банктердің атын жамылғанды қойып, жұртты баласымен қорқытуға көшкен. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өздерін емші, көріпкел, балгермін деп таныстырып, тұрғындарды «балаңыз қатты дуаланған» деп алдайтындар жиілепті. Олар ем-дом жасаймыз, дуаны қайтарамыз, көз тиюден арылтамыз деген желеумен ата-анадан ақша талап ететін көрінеді. Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Ең бастысы – үрейге бой алдырмау керек. «Алаяқ емшілердің» уәдесіне сенбеңіз, бейтаныс шоттарға ақша аудармаңыз, банк картасының кодтарын ешкімге айтпаңыз.

← Все новости