Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Елімізде инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан шетелдік инвестиция тартуда жаңа бағытқа бет бұрды. Ендігі басымдық – шикізат емес, өңдеу өнеркәсібі, жоғары технология және экспорттық жобалар. Былтыр ел экономикасына 20 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл қаржы қай салаларға бағытталып отыр? Қандай нәтиже беріп жатыр?

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысының бастамасымен өңдеу өнеркәсібі, шикізат, жоғары технологиялық өндіріске басымдық беріліп отыр. Мұндағы негізгі мақсат – ел экономикасын арттырып, жаңадан жұмыс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қазақстан жалпы шикізатқа тәуелділігінен арылтатын фактор. Өйткені біз сол салынған қаражаттарды, инвестицияны мынау ауыл шаруашылығының өндірісінің тек шикізат қана өндіріп, шикізат ретінде басқа мемлекетке сататын болсақ, тасымалдайтын болсақ, ол бір басқа. Егер де сол ашылған кәсіпорындар біздің экономикаға қосылған құн беретін болса, яғни әрбір өнімді дайын, толыққанды циклдарымен сататын болсақ, онда табыстың да үлкен болып өтетіндігі бар. Бұл жалпы біздің елдің экономикасын әртараптандыруға әсерін тигізеді.

Инвесторларды қолдау үшін бірқатар тетіктер енгізілді. Нәтижесінде соңғы 5 жылда жалпы құны 17 триллион теңгеден асатын 66 келісім жасалған. Осы тұста айта кету керек, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған қаржы 3 есеге дейін артқан. Сондай-ақ цифрлық бағытта да жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

АМАН ҮМБЕТӘЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Дәстүрлі біздің мұнай немесе ресурспен байланысты сфералар ғана емес, ІТ, туризм салалары бойынша дамып отырған Алматы облысы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облысы, енді өзіміз де көзбен көріп, бірнеше объект жаңадан салынды, қаншама жол объектісі салынып отыр. Қарапайым елге өте пайдалы деп ойлаймын, ол қаншама жұмыс орны, сырттан келген инвесторлар сыртқы да мүмкіндіктер ашады.

Инвестициялық саясаттың тағы бір бағыты – шикізатты ел ішінде терең өңдеу. Шетелдік компаниялармен бірлескен жобалардың бірі – Қарағанды облысындағы металлургиялық кокс өндіретін зауыт. Бұл жобаға 63 миллиард теңге салынған. Мұнда 500-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

ПЕРИЗАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ҚАРЖЫГЕР:

Бұл жаңа инвестиция тарту жолында көбісіне экологияға, өзіміздің шикізат көздерімізге, өзіміздің пайдамызға, яғни елімізге, Үкіметке қандай пайда алып келеді? Халыққа қандай пайда алып келеді? Біздің Ұлттық қорға қандай пайда алып келеді? Осы жағы қатты тексеріліп, қазіргі уақытта сол жағына мән беріп жатыр. Бұл жерде инвестицияны көп тартып, ақша табу емес, сол келген пайдаға біз мемлекет үшін не істей аламыз, экономика жағын қалай көтере аламыз, әлеуметтік жақты қалай көтере аламыз және де бизнеске қалай әсер етеді, сол жағын да қазір ойластырып жатыр.

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Қазақстан өзге мемлекеттер үшін сенімді серіктес ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді. Ұзақ мерзімді капитал тарту үшін инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасы қабылданды. Кәсіпкерлер үшін де бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылуда. Осы тұста айта кету керек, жаңа конституциялық нормалар инвесторлардың құқықтарын қорғауға басымдық беріп отыр.

← Все новости