Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Валерий Михайлов «Барыс» орденімен марапатталды

Сексеннің сеңгіріне шыққан жазушы Валерий Михайловтың еңбегі бағаланған күн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгердің отандық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейін, Михайлов көпшілікке жақсы таныс «Прямая речь», «Весть» сынды 20-дан астам кітаптың авторы. Ол бұған дейін «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған. Ал 2 жыл бұрын оған «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілген болатын.

← Все новости