Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Көрші елдерге көшет сатуға болады

Енді елімізде көрікті ағаштың түр-түрі өсірілуі мүмкін.

Бұған дейін декоративті жасыл желекті шетелден алдыратын едік. Енді Үкімет өз жерімізде өсіруді көздеп отыр. Бұл мәселе Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Мамандардың айтуынша, республикамызға сырттан әкелінген өсімдіктер жергілікті ауа райына жақсы бейімделіп, тез жерсінеді. Сол себепті елдегі тұқымбақтарды көбейтіп, тал-шыбықтың түр-түрін өсіруге болады екен. Әзірге шаруашылықтарға жер бөлу, жылыжай мен қойма салу сияқты проблемалар бар. Жауаптыларға осы кедергілерді реттеп, талдау жүргізу бойынша тапсырма берілді. Егер бұл іс алға басса, көшетті ел аумағына ғана емес, климаты ұқсас көрші елдерге де сатуға болады екен.

Қуат Құдайберген

← Все новости