Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Ет бұқтыратын цех салынады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елімізде ет бұқтыратын цех салуға уағдаласты.

Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында белгілі болды. Жоба құны – 1,3 миллион доллар. Сондай-ақ кәріс жеріне мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарланып отыр. Ал Корея бізге тазартылған күнбағыс майын жеткізуге ниетті. Бұдан бөлек, жиында бас-аяғы 55 миллион долларға жуық коммерциялық келісім жасалды.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости