Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Ауыл балалары ЖИ-мен білім алуда

Павлодар облысында мектептер жасанды интеллектіні пайдаланып сабақ өте бастады. Әзірге облыстағы бес мектеп жаңа жобаның білім сапасына әсерін тексеріп жатыр. Жобаның басты мақсаты — ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтып, оқушыларға тең мүмкіндік жасау. Сабақтарды жергілікті мұғалім жүргізеді, ал елордадағы тәжірибелі ұстаздар онлайн байланыс арқылы қосылып, пән бойынша қосымша түсіндірме береді.

АЙНҰР БЕКПАУОВА, ТІЛЕКТЕС АУЫЛЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрине, кез келген жаңа технологияның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. Сондықтан ең алдымен оқушыларымыздың білім деңгейі жақсарады деп ойлаймыз. Екіншіден, бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қазір мектебіміздің материалдық-техникалық базасы жобаға толыққанды қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Ауылдағы, әсіресе шағын жинақты мектепте осындай заманауи технологиялардың енгізіліп, дамып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш.

Мамандардың айтуынша, егер жоба оң нәтиже көрсетсе, жасанды интеллект элементтері өңірдегі басқа мектептерге де енгізіледі.

← Все новости