Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Елімізге құйылатын инвестиция көлемі артады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan» директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Аль Марзукимен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында экономиканың нақты секторын дамыту және цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту жайы сөз болды. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы инвестициялық байланыс соңғы жылдары айтарлықтай күшейген. Мәселен, соңғы 20 жылда әмірліктерден елімізге 7 миллиард доллардан астам инвестиция тартылыпты. Оның шамамен 3 миллиарды соңғы екі жарым жылда құйылған.

Ал «Abu Dhabi Commercial Bank» Қазақстандағы энергетика, теміржол инфрақұрылымы, мұнай-химия, көлік және логистика салаларындағы жобаларды қаржыландырып келеді. Алдағы бір жарым жылда қаржы ұйымы еліміздегі жобаларды қолдау көлемін үш есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

← Все новости