Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Құрылтай депутаттарының айлығы қанша?

Құрылтай депутаттары қанша айлық алады? Ел аманатын арқалаған халық қалаулыларының еңбекақысы бүгін жария болды. Заң шығарушы орган төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның сөзінше, жалақы көлемі барлығында бірдей емес. Ол еңбек өтіліне байланысты 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Демек, жас депутаттар мен жылдар бойы ысылған ел ағаларының еңбекақысы арасында айтарлықтай айырмашылық бар деген сөз. Айта кетейін, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстандағы орташа айлық жалақы мөлшері 480 461 теңге болған еді.

← Все новости